Қазақстанда жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады

0
676

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі.


Қазақстанда жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады

ERNUR.KZ. Елімізде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі. Жаңа талапқа сай электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі. Бұған дейін аталған көлік түріне арналған ереже бекітілген болатын.

Электросамокатпен тек бір адам жүруі қажет және қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс.