Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интелект шығаратын болады

0
401

Бұрын мұндай әкімшілік істер 10 күн ішінде қаралған.


Қазақстанда жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интелект шығаратын болады

ERNUR.KZ. Елімізде жол апатына қатысты сот шешімін жасанды интелект шығаратын болады, деп жазады Stan.kz.




Осылайша әкімшілік істер 10 минуттың ішінде қаралып судьялардың жұмысы жеңілдемек. Пилоттық жобаны Жоғары соттың өкілдері енгізді.

“Іс сотқа жіберілгеннен кейін барлық іс-әрекеттер судьялардың және сот қызметкерлерінің көп уақытын алатын. Сол себептен сот жүйесіне роботтандыруды енгіздік. Жасанды интеллект ӘҚБК-нің 610-бабына сәйкес жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуды қарастырады. Әкімшілік іс 3 күннің орнына 10 минуттың ішінде тез өңделеді және сот актісі бірден күшіне енеді”, – деп мәлімдеді жоғарғы соттың баспасөз қызметі.



Бұрын мұндай әкімшілік істер 10 күн ішінде қаралған. Бұл жаңашылдық жол көлік оқиғасының көбеюіне байланысты іске қосылған. Мәселен, өткен жылы 129 мың, соңғы алты айда 83 мың материал сотқа келіп түскен. Жоғарғы соттың өкілдері цифрландырудың бұл қадамы судьялардың, сот қызметкерлерінің уақытын үнемдеуге бағытталған дейді.

Жасанды интеллект осы айдан бастап бір жарым мыңнан астам істі, жылына 100 мыңнан астам істі қамтиды деп күтілуде.

“Жасанды интеллект қате шешім шығаруы мүмкін, сол үшін сенім артуға болмайды”, “Қандай жағдай екеніне қарау керек. Бір жақты болса онда дұрыс шешім қабылдайды”, – деп пікір білдірді тұрғындар.