Қазақстанда журналистердің кәсіби мерекесі бекітілді

0
1 174

Қазақстанда БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бекіту туралы үкімет қаулысы шықты.


Қазақстанда журналистердің кәсіби мерекесі бекітілді

ERNUR.KZ. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды stan.kz.

"2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: (...) байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - 17 мамыр, БАҚ қызметкерлері күні - 28 маусым", - делінген ресми ақпарат құралдарында жарияланған шешім мәтінінде.

Бұған қоса, мемлекет басшысы журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдау туралы мәселені шешу қажеттігін айтты.

Бастапқыда журналистер күні мамырдың 10-ы күні атап өтілді. Бұл осы күні 1870 жылы қазақ тіліндегі алғашқы газет "Түркістан уәлаятының" жарыққа шығуымен байланысты болды. Алайда бұл мереке ресми болмады.

Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін мерекелеу 28 маусымға белгіленді.