Қазақстандағы 3 миллионнан астам азаматтың жалақысы артады - Үкімет

0
392

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Әлихан Смайылов халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру туралы айтты.


Қазақстандағы 3 миллионнан астам азаматтың жалақысы артады - Үкімет

ERNUR.KZ. Еліміздегі 3 миллионнан астам азаматтың жалақысы артады. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген отырыста айтылды, деп жазады stan.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Әлихан Смайылов халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру туралы айтты. Шара аясында 3 миллионнан астам адамның жалақысы өседі деп жоспарланып отыр.

“Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақытылы және толық көлемде орындалуда. Атап айтқанда, биыл 4,4 миллион адамның әлеуметтік төлемдері көбейді. Осы мақсатта 4,6 триллион теңге бөлінді”, - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы биыл ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндіріс ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындары құрылатынын айтты. Бұл 1 миллион адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.