Қазақстандағы колледждерге 97 мың білім гранты бөлінді

0
635

Гранттарды 435 мемлекеттік колледж және 170 жекеменшік колледж алады.


Қазақстандағы колледждерге 97 мың білім гранты бөлінді

2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт бойынша 97 мың орынға қалыптастырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елімізде 795 колледж жұмыс істейді. Оның 454-і – мемлекеттік оқу орындары. Гранттарды 435 мемлекеттік колледж және 170 жекеменшік колледж алады. 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт және 200-ден астам сұранысқа ие мамандықтар бойынша 97 мың орынға қалыптастырылған.

«Биыл квоталық санаттар тізімі кеңейтілді, енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылады. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін – 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балаларға – 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылды. Балдар тең болған жағдайда, квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмектесуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.