Қазақстандағы суррогат аналарға шетелдіктердің қызығушылығы артқан

0
799

Қазақстандық аналарға көбіне ресейліктерден сұраныс молынан түседі екен.


Қазақстандағы суррогат аналарға шетелдіктердің қызығушылығы артқан
ERNUR.KZ. Мамандар елімізде суррогат аналарға деген сұраныстың артқанын мәлімеді. Әсіресе ресейліктерден бастап шетелдіктердің қызығушылығы артқан. Ана болу бақытын табыс көзіне айналдырғандардың ішінде тұрмыстағылар да бар екен, деп жазады stan.kz.Ғаламтордағы кей жарнамаларды баланы 9 ай көтеріп, босанғаны үшін 9 миллион теңге береміз делінген. Мамандар бұдан бөлек арнайы ай сайынғы төлемақы мен тұратын пәтерлерінің де болатынын жасырмады.

Репродуктолог Мира Нұрашованың айтуынша әйелдер мұндай қызметке көбіне жұмыссыздықтан келеді екен.

“Бір немесе үш баласы бар тұрмыстағылар жолдасы келісімін берсе, ол көмекті бере алады. Жұмыс тәжірибемізде екінші, үшінші рет келіп жатқан да жағдайлар кездеседі. Ресейде, Украинада суррогат ана болдым деп келетіндер де бар”,- деді Мира Нұрашова.

Мамандар бұл қызметті кем дегенде төрт рет жасауға кеңес береді. Одан артық денсаулыққа зиянын тигізеді екен.

Ал қоғам белсендісі Рәшкүл Оспанәлиева бұл жұмыстың салдары жақсылыққа әкеліп соқпайтынын ескертті.

“Бәлкім әйелдер тұрмыс жағдайларын жақсартуға талпынатын шығар. Бірақ мұндай әрекетке барған аналар тоғыз ай бойы көтерген баласын біреуге берген кезінен бастап, өмір бақи өзін кінәлап өтуі мүмкін”,- деді Рәшкүл Оспанәлиева.

Қазақстандық аналарға көбіне ресейліктерден сұраныс молынан түседі екен.