"Қазақстандағы жалғыз шебер": Қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын жігіт көрермендерді таңдай қақтырды (видео, фото)

0
2 176

Әлем бойынша қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын тек екі адам бар екен. Олар: Нихат Озджан және Салауат Фидай.


ERNUR.KZ. Қарандаштың ұшынан мүсіндер жасап, танылған оралдық Нұрбол Бақтығалиев көпшілікті таңғалдыруда. Жас жігіт Қазақстанда мұндай туынды жасайтын жалғыз адам, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қонаққа келген Нұрбол есімді жігіт үш жылға жуық қарындаштардың ұшынан мүсін жасап жүргенін сөз етті.


Анықталғандай, Нұрбол мұндай туынды жасайтын әлемдегі үшінші, ал Қазақстандағы алғашқы адам екен.

"2017 жылы осындай мүсіндерді жасаған адамдарға қарап, неге осылай жасап көрмеске деген ой пайда болды. Өзім әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де дінтану мамандығы бойынша магистратураны оқып жатырмын. Бұл жай ғана менің хоббиым", - дейді Нұрбол.

Жас жігіттің сөзінше, ол жасаған мүсіндердің арасында "Барселона" футбол клубының белгісі, жылқы, жүрек, түрлі елдердің сәулет ғимараттары, тіпті, марқұм Денис Теннің бейнесі де бар екен.

Әлем бойынша қарындаштың ұшынан мүсін жасайтын тек екі адам бар екен. Олар: Нихат Озджан және Салауат Фидай.

Өнер иелерінің туындылары әлемдік нарықта 500-ден 3000 АҚШ долларына дейін бағаланады екен.

Ал Нұрболдың сөзінше, Қазақстанда мұндай өнерге қызығар жан жоқ екен. Сол себепті ол өз туындыларын тек таныстарына сатқанын атап өтті.
Ең алғашқы мүсіндердің бірін оның досы 20 мың теңгеге сатып алыпты.
Бағдарламаға келген қонақтардың арасында Нұрболдың өнеріне тамсанып, бағалағандар да оны керексіз дүние деп сынағандар да болды.
"Өте қызық. Мен таңданып отырмын. Бірақ керек емес деп ойлаймын. Өз басым сатып алмайтын едім", - деп пікір білдірді актер Нұркен Сәрсенбаев.