Қазақстандық алаяқ Германияда ұсталды

0
516

Қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланды


Қазақстандық алаяқ Германияда ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 2014 жылы жасалған қылмыстық істің беті ашылды. Қылмыскерді германиялық полиция қызметкерлері ұстады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Щучинск қаласының 54 жастағы тұрғыны, жергілікті кәсіпкердің 42 млн теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденіп, оған жоғары технологиялық жабдық қоюға уәде берген. Тіпті тауарды жеткізу туралы шарттың жалған құжаттарын да ұсынған екен.

«Бурабай АПБ тергеу бөлімі аталған фактіні ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізді. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында жәбірленушіден алынған ақшалай қаражатқа алаяқ несие бойынша қарыздарын жауып, Қазақстан аумағынан кеткені анықталды. Алаяқтық жасаған күдіктінің тұрған жерін анықтау үшін қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды. Кейін Германияда жалған құжаттармен өмір сүріп жүрген қылмыскерді Германия полициясының қызметкерлері анықтап, ұстады», - делінген хабарламада.

2021 жылғы қарашада Майндағы Франкфуртте ГФР құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен қылмыскер экстрадицияланды.