Қазақстандық әнші «Голос» жобасынан шығып қалды

0
1 157

Үш әншінің тәлімгері Александр Градский ары қарай жұмыс істеу үшін Мирослава Кочеваны таңдады.


Қазақстандық әнші «Голос» жобасынан шығып қалды

ERNUR.KZ. Петропалдық әнші Әділхан Макин ресейлік «Голос» жобасынан шығып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазақстандық қатысушы жекпе-жек кезеңінде Мирослава Кочева, Марина Моисеевамен бірге «Ты на свете есть» композициясын орындады. Алайда үш әншінің тәлімгері Александр Градский ары қарай жұмыс істеу үшін Мирослава Кочеваны таңдағанын мәлімдеді. Сондықтан Әділхан Макин мен Марина Моисеева жобада ары қарай өнер көрсете алмайды.

Жүргізуші осыған орай қазақстандық әншіден пікір сұрады.

«Мұны дұрыс шешім деп ойлаймын. Жас адамның өз артықшылықтары бар. Оның үстіне, қыз балаға жол бергенім дұрыс шығар. Ал мені қолдаған барша жанкүйеріме көп рахмет. Александр Борисовичке де басымды иемін. Барлығына сәттілік тілеймін!», - деді әнші.

Дегенмен әншінің жанкүйерлері әлеуметтік желілерде бұл жайтқа қатысты өкініш білдіріп, Әділханның жобаның жартысына да жете алмағанына қынжылыстарын жеткізген.

Айта кетсек, Әділхан Макин 2019 жылы «Витебскідегі Славян базары» ән байқауының жеңімпазы болған.