Қазақстандық ата-аналар балаларын қашықтан оқудың орнына жұмыс істеуге жіберіп жатыр

0
567

Осы жағдайдан да пайда табуды көздеген ата-аналар бар.


Қазақстандық ата-аналар балаларын қашықтан оқудың орнына жұмыс істеуге жіберіп жатыр

ERNUR.KZ. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтан оқып жатқан балаларын жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатқан ата-аналар көп. Мәселен, Алматы облысында ювеналды полиция қызметкерлері базарларда жұмыс істеп жүрген мектеп оқушыларын анықтаған, деп жазады Stan.kz.

Республикадағы мектептер бірінен соң бірі карантинге жабылып жатыр. Қыркүйек айында бүкіл ел бойынша кезекші сыныптарда 530 мың бала оқи бастады. Инфекцияның алғашқы жағдайлары екі аптадан кейін анықталды. Бұл ретте жұқтырғандардың көбі үйде оқитындар. Қазіргі уақытта коронавирус 250 мектеп оқушысында расталды, оның ішінде қашықтан оқығандар бар. 80 пайыз жағдайда ауру симптомсыз өтті.

Бірақ осы жағдайдан да пайда табуды көздеген ата-аналар бар. Мәселен Алматы облысында ювеналды полиция қызметкерлері базарларда жұмыс істеп жүрген мектеп оқушыларын анықтаған.

13-16 жастағы оқушылар Жамбыл және Алматы облыстарынан келген. Олар ата-анасының ақша табу үшін жібергенін айтқан. Ата-аналар балаларының қашықтан оқығанын пайдаланған. Енді олар балаларын бейімдеу орталығанан алып кете алады.