Қазақстандық әжелер құрақ көрпе тігуден әлемдік рекорд орнатты

0
138

Ісімерлеріміздің қолынан шыққан туынды әлемді өзіне жалт қаратты.


Қазақстандық әжелер құрақ көрпе тігуден әлемдік рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Еліміздің әр өңірінен жиналған шебер әжелер құраған көрпе әлемдік рекорд ретінде тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, ісімерлеріміздің қолынан шыққан туынды әлемді өзіне жалт қаратты.

"Бүгін сағат 13.00-де ерекше іс-шара өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті. Осылайша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд орнатылды", – деп хабарлады Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметінен.