Қазақстандық компаниялар Ресейдің мемлекеттік қарызын жеңілдікпен сатып алып жатыр

0
1 215

Соңғы уақытта қазақстандық брокерлік компаниялар мен банктер Ресейдің еркін бағалы қағаздары бойынша ұсыныс жасаған немесе сатып алған көрінеді.


Қазақстандық компаниялар Ресейдің мемлекеттік қарызын жеңілдікпен сатып алып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі инсайдер мәліметіне сүйене отырып хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

“Қазақстандық компаниялар Ресейдің Украинамен қақтығысы салдарынан салынған санкциялардың және өзге де шектеулердің әсерінен, осы елдің нарығынан кете алмай отырған инвесторлардан ресейлік мемлекеттік қарыздарды үлкен жеңілдікпен жаппай сатып алып жатыр”, – деп жазды агенттік.

Сондай-ақ, соңғы уақытта қазақстандық брокерлік компаниялар мен банктер Ресейдің еркін бағалы қағаздары бойынша ұсыныс жасаған немесе сатып алған көрінеді. Ол құнды қағаздардың арасында РФ Қаржы министрлігі шығарған рублдік облигациялар – федералды қарыз облигациялары да бар.

Айта кетейік, бұдан бұрын санкциядан қашқан әлемнің 21 компаниясы Ресейден Қазақстанға көшіп келгенін хабарлаған болатын.