Қазақстандық медицина қызметкерлері Францияда біліктіліктерін арттыра алады

0
1 367

Қазақстан мен Францияның денсаулық сақтау министрліктері алты сала бойынша ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды.


Қазақстандық медицина қызметкерлері Францияда біліктіліктерін арттыра алады

ERNUR.KZ. Франция президенті Эммануэль Макронның Астанаға сапары шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойылды, деп жазады sputnik.kz.

Олардың ішінде бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы декларация да бар.
Тараптар қоғамдық денсаулық сақтау, профилактика, жаңғырту және денсаулық сақтау жүйелерін орнықты нығайту үшін ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниетті екендерін мәлімдеді.
Бұл медициналық мамандықтарды оқытуды, дамытуды және тартымдылықты арттыруды, адам ресурстарын қолдау саласында өзара тәжірибе мен білім алмасуды көздейді.
Екі жақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде "Балаларды оңалту ұлттық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жоғары психомоторлы оңалту институты - ISPR-мен (Париж) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында қазақстандық дәрігерлер үшін Францияда біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.
"Жергілікті мамандар психомоторлық терапия саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдету үшін қос тарап Францияда 2 жылдық магистрлік бағдарламаны құру бойынша жұмыс істейтін болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қарағанды медицина университеті Лилль университетімен және Ципрево компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Болашақта Лилль университетімен дәрігерлерді даярлау үшін симмуляциялық оқытуды дамыту саласындағы ынтымақтастық жоспарлануда.
Қарағанды медицина университетінде студенттер мен оқытушыларға арналған француз тілі курстары ашылды.
"Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы француз компанияларымен өзара түсіністік туралы үш меморандумға қол қойды.