Айта кетейік, аталған өнертабысы мылқау мен кәдімгі адамның еш қиналмай өзара араласуына көмектеседі.
ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушы Нұрдәулет Таумергенов Yakutsk International Science Fair халықаралық мектептік ғылыми-конференция-байқауында гран-при иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Назарбаев физико-метематикалық зияткерлік мектебінің оқушысы Н.Таумергенов конференцияда өзінің GloveSpeaker қолғабының көмегімен ымдау тілінен ауызша сөйлеуді синтездеу жобасын ұсынды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталған өнертабысы мылқау мен кәдімгі адамның еш қиналмай өзара араласуына көмектеседі.
Сонымен, Халықаралық зияткерлік ойындар бағдарламалық комитетінің төрағасы, Сингапур Ұлттық университетінің профессоры Леон Чуан Квек пен «Майтона» компаниясының президенті Александра Баишева жеңімпазға 5 мың доллар көлеміндегі сертификатты тарту етті.