Қазақстандық Стамбул әуежайының екінші қабатынан секірді

0
998

Стамбулдағы «Ататүрік» әуежайының екінші қабатынан ер адам секіріп кетті


Қазақстандық  Стамбул  әуежайының екінші қабатынан секірді

ERNUR.KZ. Стамбулдағы «Ататүрік» әуежайының екінші қабатынан ер адам секіріп кетті. Секірген адам Қазақстан азаматы, деп жазады nur.kz.

Бастапқы мәліметтерде суицид жасамақ болған адам Қырғызстан өкілі деп көрсетілген. Алайда, кейін бұл ақпарат жоққа шықты.

«Азаттық радиосының» хабарлауынша, оқиға 27 қыркүйекте болған. Өкінішке қарай, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Дәрігерлердің айтуынша, ота кезінде оның жүрегі тоқтап қалыпты. Қазіргі сәтте сот-медициналық сараптама жүргізілуде.