Қазақстандықтар 25 елге тікелей ұша алады

0
826

70 бағыт бойынша (аптасына 267 рейс) халықаралық әуеқатынасы орындалып жатыр.


Қазақстандықтар 25 елге тікелей ұша алады

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстаннан 25 елге 70 бағыт бойынша (аптасына 267 рейс) халықаралық әуеқатынасы орындалып жатыр, деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Қазақстаннан Түркияға мына бағыттар бойынша аптасына 49 рейс орындалады:
Нұр–Сұлтан – Ыстамбұл (Turkish Airlines – бес, Air Astana – бес);
Алматы – Ыстамбұл (Turkish Airlines – жеті, Air Astana – алты);
Шымкент – Ыстамбұл (SCAT – бір, Pegasus – екі);
Ақтөбе – Ыстамбұл (SCAT – екі);
Түркістан – Ыстамбұл (Turkish Airlines – үш, Fly Arystan – үш);
Ақтау – Ыстамбұл (SCAT – екі, Turkish Airlines – үш, Fly Arystan – бір);
Алматы – Анталья (Turkish Airlines – екі, Air Astana– төрт, Pegasus – бір);
Нұр–Сұлтан – Анталья (Air Astana – екі).
БАӘ–ге Қазақстаннан аптасына 47 рейс орындалады:
Нұр–Сұлтан – Дубай (Air Astana – жеті, Fly Dubai – жеті);
Алматы – Дубай (Air Astana – 10, Fly Dubai – 10);
Алматы – Шарджа (Air Arabia – бес);
Ақтау – Дубай (Fly Arystan – екі);
Шымкент – Дубай (Fly Arystan – екі);
Алматы – Абу–Даби (Wizz Air Abu Dhabi – екі);
Нұр–Сұлтан – Абу–Даби (Wizz Air Abu Dhabi – екі).


Өзбекстанға – аптасына 39 рейс:
Нұр–Сұлтан – Ташкент (Air Astana – үш, Uzbekistan Airways – үш);
Алматы – Ташкент (Air Astana – жеті, Uzbekistan Airways – жеті);
Алматы – Самарқанд (Uzbekistan Airways – екі, Fly Arystan – екі);
Ақтау – Нүкіс (SCAT – екі, Uzbekistan Airways – екі);
Ақтау – Ургенч (SCAT – екі, Uzbekistan Airways – екі);
Ақтөбе – Нүкіс (Uzbekistan Airways – екі);
Түркістан – Ташкент (Fly Arystan – үш);
Наманган – Алматы (Uzbekistan Airways – екі).
Ресейге – аптасына 31 рейс.
Нұр–Сұлтан – Мәскеу (SCAT – жеті);
Нұр–Сұлтан – Екатеринбург (Red Wings – үш);
Нұр–Сұлтан – Омбы (Red Wings – екі);
Алматы – Мәскеу (SCAT – үш);
Алматы – Челябі (Red Wings – екі);
Алматы – Екатеринбург (Red Wings – үш);
Шымкент – Мәскеу (SCAT – үш);
Ақтау – Мәскеу (SCAT – үш);
Ақтау – Грозный (SCAT – бір);
Ақтау – Махачкала (SCAT – бір);
Қостанай – Мәскеу ("Россия" – үш).

Грузияға – аптасына 22 рейс:
Алматы – Тбилиси (Air Astana – төрт);
Атырау – Кутаиси (Fly Arystan – үш);
Нұр–Сұлтан – Кутаиси (Fly Arystan – төрт);
Ақтау – Кутаиси (Fly Arystan – үш);
Шымкент – Кутаиси (Fly Arystan – екі);
Ақтау – Тбилиси (SCAT – төрт);
Ақтөбе – Тбилиси (SCAT – екі).
Қырғызстанға – аптасына 16 рейс:
Нұр–Сұлтан – Бішкек (Air Astana – үш);
Алматы – Бішкек (Air Astana – 11);
Түркістан – Бішкек (Fly Arystan – екі).
Германияға – аптасына 10 рейс:
Нұр–Сұлтан – Франкфурт (Air Astana – бес, Lufthansa – екі);
Алматы – Франкфурт (Lufthansa – екі);
Орал – Франкфурт (Air Astana – бір).


Әзербайжан – аптасына тоғыз рейс:
Алматы – Баку (Air Astana – екі; AZAL – екі);
Ақтау – Баку (Fly Arystan – екі; AZAL – үш).
Беларуське – аптасына сегіз рейс:
Нұр–Сұлтан – Минск ("Белавиа" – бес);
Алматы – Минск ("Белавиа" – үш).
Сауд Арабиясына – аптасына төрт рейс:
Алматы – Джидда (SCAT – бір рейс);
Алматы – Медина (SCAT – бір рейс);
Шымкент – Джидда (SCAT – бір рейс);
Шымкент – Медина (SCAT – бір рейс).
Катарға – Qatar Airways әуекомпаниясы Алматы – Доха бағыты бойынша аптасына төрт рейс орындайды.
Мальдивке – Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Мале бағыты бойынша аптасына төрт рет чартер ұшады.
Мысырға – аптасына үш рет:
Атырау – Шарм–эль–Шейх (Fly Arystan – екі);
Нұр–Сұлтан – Шарм–эль–Шейх (SCAT – бір).
Оңтүстік Кореяға – аптасына үш рет:
Алматы – Сеул (Air Astana – екі, Asiana Airlines – бір).
В Нидерланды – аптасына үш рет:
Атырау – Амстердам (Air Astana – үш рейс).
В Таиланд – Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Пхукет бағыты бойынша аптасына үш рейс орындайды.
В Кувейт – Jazeera Airways әуекомпаниясы Алматы – Эль–Кувейт бағыты бойынша аптасына үш рейс орындайды.
Үндістанға – аптасына үш рет:
Алматы – Дели (Air Astana – екі рейс);
Алматы – Гоа (Air Astana – бір чартер).
Шри–Ланкаға 5 сәуірге дейін Air Astana ұшады. Ұшақ Алматы – Коломбо бағыты бойынша аптасына үш рейс орындайды.


Польшаға – аптасына екі рет:
Нұр–Сұлтан – Варшава (LOT Polish Airlines – екі рейс).
Ұлыбританияға – аптасына екі рет:
Нұр–Сұлтан – Лондон (Air Astana – екі рейс).
Тәжікстаннан Қазақстанға (Алматы – Душанбе бағыты бойынша) аптасына екі рейс орындалады (Air Astana – бір, Somon Air – бір).
Арменияға – аптасына екі рет:
Ақтау – Ереван (SCAT – екі рейс).
Моңғолияға – аптасына екі рет:
Улан–Батор – Алматы (Hunnu Air – екі рейс).
Мажарстанға – Wizz Air Hungary әуекомпаниясы Будапешт – Нұр–Сұлтан бағыты бойынша аптасына бір рейс орындайды.