Видеоларда қар оттың әсерінен суға айналмай, қарайып қалады.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар оттан ерімей күйік қалдыратын қардың видеосын талқылауда, деп жазады Stopfake.kz.
Кейбір адамдардың пікірінше, бұл атмосфераға зиянды химиялық заттарды шашудың – химтрейлдердің дәлелі болып табылады.
Қар жағу тәжірибелері әртүрлі елдерде – Ресейде, Швецияда, АҚШ-та және Италияда түсірілген. Барлық видеоларда қар оттың әсерінен суға айналмай, қарайып қалады.
Мұндай тәжірибелер Интернетте 2014 жылы жүргізіліп, көрсетіле бастады. Ол кезде ғалымдар бұл құбылысты қар суға айналмай, кеуекті құрылымына байланысты оны сіңіріп алады деп түсіндірген. Қарда пайда болатын қара күйе – бұл жанбай қалған құрым. Қардың беті суық болғандықтан, олар толық жанбайды. Егер қарды оттықпен ерітсе, оның ішіндегі қоспа құрамындағы бутанның әсерінен күйек қаттырақ көрінуі мүмкін.
Биыл Испанияда болған Филомена дауылынан кейін «ерімейтін қар» туралы роликтер кеңінен тарады. Онда көп жылдар бойы болмаған рекордтық мөлшерде қар жауды. Таң қалған тұрғындар оны өртеуге тырысты. Бұл бастама басқа елдер де қолдау тапты.
Бірақ ғалымдардың бұл құбылысқа берген түсіндірмесі өзгерген жоқ – тығыз қар балқу температурасына жеткенше суды толығымен сіңіреді. Бұл құбылыс жылу сыйымдылығы деп аталады.
Қорыта айтқанда, қардың бірнеше секундтың ішінде суға айналмауы химтрейлдер теориясының дәлелі емес, бұл – физика заңдылығы.