Барлығы 25 интернет-алаяқтық жасалған.
ERNUR.KZ. Алаяқтар қазақстандықтардың жеке шоттарынан 104 млн теңгені жымқырған. Ақмола полицейлері ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған дропперді ұстады, деп жазады Inbusiness.kz.
Алдын ала ақпарат бойынша күдікті еліміздің барлық өңірлерінде 25 интернет-алаяқтық жасап, 104 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған.
"Көкшетау тұрғыны да алаяқтықтың құрбанына айналған. Екі күн бойы өтініш берушінің телефонына WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз абоненттік нөмірлерден қоңыраулар түскен. Алаяқтар 64 жастағы ақмолалық тұрғынға өздерін Kaspi банк қызметкерлері ретінде таныстырып, банктік шоттар туралы ақпаратты біліп, оның шотын бәз біреулер бұзуға тырысып жатқанына сендірмек болған. Осылайша, қылмыскерлер заңсыз банктік операциялар жасау үшін ақпаратты түгел біліп алған. Келесі күні өтініш берушіге оның банктік шотын бұғаттау туралы хабарлама келіп түсті, ал мобильді қосымшаны тексеру кезінде ақмолалық Halyk bank-тегі депозиттік және карточкалық шоттан 11,8 млн теңге алынғанын және Kaspi банк шотынан 435 мың теңге із-түссіз “жоғалып кеткенін” білді", - делінген хабарламада.
Жәбірленушінің айғақтары бойынша ол ешқандай хабарламалар, кодтар немесе жеке мәліметтер бермеген және олардың нұсқауларын орындамаған. Ақмолалық киберполициясы қылмыстық істі тергеу кезінде ұрланған миллион аударылған шоттардың бірінің иесінің жеке басын және орналасқан жерін анықтай алды.
Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде оралдық әріптестерінің көмегімен 24 жастағы дроппер ұсталды. Кейін ер адам ұрланған ақшаны қылмыстық желінің басқа мүшелеріне қолма-қол ақша беру және аудару үшін Қазақстанға Ресейден арнайы келгені белгілі болды.
Қазір осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.