Зерттеуге сәйкес, парацетамолды мөлшерден сәл көп ішіп қойғанның өзінде кері әсері байқалады.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі халық арасында кеңінен қолданылатын парацетамолдың зиянын анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Зерттеуге сәйкес, парацетамолды сәл көп ішіп қойса да, жанама әсерін байқауға болады. Ондайда адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді. Мамандардың айтуынша, дәл осы симптомдар бірнеше сағаттың ішінде шыға бастайды. Ал парацетамолды артығымен ішудің кесірінен бауыр зақымданады.
"Бұдан бөлек, адам парацетамолды көп ішсе, ұйқысы келеді, сары ауруға шалдығады. Сосын іштің жоғары жағында ауырсыну пайда болады", - дейді мамандар.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы медициналық препараттар тегін беріледі. Оның ішінде парацетамол да бар. Бұдан бөлек, "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" қарастырылған. Бірақ осы препараттарды алу үшін дәрігердің нұсқауы болуы қажет.