Қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатыны ескертілді

0
551

3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтеді.


Қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатыны ескертілді

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатынын, соған орай жалған ақпаратқа сенбеу керегін ескертті, деп жазады tengrinews.kz.

3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтеді.

"Жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңіріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды", - деп жазылған хабарламада.

Бөлімдердің белгіленген мерзімдегі мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ, командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатыны айтылды.

"Әлеуметтік желілерді қолданушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деп жазылған ведомство мәліметінде.