Қазақстандықтарға Наурызды отбасы шеңберінде атап өтуге кеңес берілді

0
2 760

Жаңа жылдық демалыстан кейін елімізде КВИ-мен ауырғандар саны күрт артқан.


Қазақстандықтарға Наурызды отбасы шеңберінде атап өтуге кеңес берілді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға санитарлық нормаларды сақтау және Наурыз мейрамын отбасы аясында тойлау керектігі ескертілді, - деді брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, деп жазады zakon.kz.

Біз үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбеуге, Наурызды отбасыңызбен тойлауға кеңес береміз. Естеріңізде болса, жаңа жылдық демалыстан кейін бізде КВИ-мен ауырғандар саны күрт артты. Міне, баршаны осыны есте сақтауға және санитарлық нормаларды сақтауға, маска киюге және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз, - деді Марат Шоранов.

Бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 717 жаңа жағдайы тіркелді.

Жалпы республикамыз бойынша 214 806 КВИ жағдайы расталды, ал емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 198 726.