Қазақстанға келіп нәпақасын табатын шетелдіктер саны азайды – министрлік

0
577

Шетелден келген жұмысшылардың басым бөлігі әсіресе құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, ғылыми-техникалық қызмет, ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.


Қазақстанға келіп нәпақасын табатын шетелдіктер саны азайды – министрлік

ERNUR.KZ. Қазақстанда 13 951 шетел азаматы еңбек етеді. Барлығының арнайы рұқсаты бар. Бірақ Қазақстанға келіп жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшіне шектеу қойылды, деп жазады sputnik.kz.

Шетелден келген жұмысшылардың басшы және орынбасар болып істейтіндері, яғни бірінші санаттылары 568 адам. Ал құрылымдық бөлімшелердің басшылары, екінші санаттылар 3 017 адам. Мамандар мен білікті жұмысшылар саны 8 мыңнан асады. Шетелдік жұмысшыларды қазақстандық 1 679 жұмыс беруші еңбекпен қамтып отыр.
Шетелден келген жұмысшылардың басым бөлігі әсіресе құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, ғылыми-техникалық қызмет, ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.
Қазақстанда еңбек етуге құмар Қытай, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания, Өзбекстан азаматтары.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстаннан нәпақасын табатын шетелдіктер санына биыл шектеу қойылып, 25%-ке азайған.
"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді және бөледі. Биылғы жылдың қаңтар айында министрлік шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке қысқартты. Осы жылдың желтоқсанында квота қосымша 997 бірлікке қысқартылып, жалпы саны 20 100-ді құрады", - деп мәлімдеді министрлік.