Қазақстанға кемінде 3 атом электр станциясы қажет – энергетика министрі

0
516

Сәтқалиев АЭС салу саласында ресейлік технология әлемдегі ең үздіктердің қатарында екенін атап өтті.


Қазақстанға кемінде 3 атом электр станциясы қажет – энергетика министрі

ERNUR.KZ. Қазақстанға еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында кемінде 3 атом электр станциясы қажет, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "Обожаю" жобасына берген сұхбатында, айтты деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, атом индустриясы өндірісті дамытып, ең жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды мақсат тұтады.
"Атом саласында біз қазірдің өзінде жылушығарғыш жинақтарды өндіріп жатырмыз – өнімдер 20 жылға алдын ала сатып алынған. Мұндай технологияларға қаншалықты сұраныс бар екенін бағамдай беріңіз", — деді министр.
Сәтқалиев АЭС салу саласында ресейлік технология әлемдегі ең үздіктердің қатарында екенін атап өтті.
"Росатомға" санкция салынбаған және оның халықаралық энергетикалық нарықтағы үлесіне байланысты алдағы уақытта та санкцияға ілінбейді деп болжап отырмыз. Энергетикалық қауіпсіздік экономиканы дамытудың негізгі көзі екенін бәрі түсінеді", - деді Сәтқалиев.
Ол "Росатом" шетелде басқа команияларға қарағанда бірнеше есе көп реактор салғанын атап өтті.
"Қытайлық мердігерлер ел ішінде көптеп салып жатыр. Олардың шетелде құрылыс тәжірибесі аз. Дегенмен олар аз болса да сәтті тәжірибе жинады деп санаймыз", - деді Сәтқалиев.
Ол Қазақстан барлық технологияны қарастырып, ең жақсысын таңдайтынын түсіндірді.