Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
ERNUR.KZ. Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін, деп жазады stan.kz.
Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған.
"Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін", – делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.
Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.