Қазақстанға ресми сапарымен Александр Лукашенко келеді

0
674

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.


 Қазақстанға ресми сапарымен Александр Лукашенко келеді

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапарымен келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Биылғы 24-25 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады, - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.