Оның 1 300-і қазақ екен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, елден кеткендердің көбі Қарағанды, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнсына сілтеме жасап.
Одан кейінгі қандастарымыздың үлкен легі Германияға ағылған. Онда 2250 жерлесіміз қоныс аударды. Одан кейінгі орында АҚШ, Беларусь, Өзбекстан мен Канада тұр. Қырғызстан мен Әзірбайжан, тіпті Израильге көшіп кеткендер бар.
Ал шет елден Қазақстанға құтты мекен іздеп келушілер жоқ емес.
Атап айтқанда, 20-ға жуық мемлекеттен 12 мыңға жуық адам қоныс аударған. Көбі Ресей, Өзбекстан, Қытай азаматтары. Елден кетіп жатқандардың басым бөлігі солтүстік өңірдің тұрғындары: Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан. Ал қазақ жеріне қоныс аударғандардың көпшілігі үйді Алматы мен Түркістан облыстарынан алыпты. Тек бірлі-жарымы ғана Нұр-Сұлтан мен Алматыны таңдаған.
Ұлттық статистика бюросы елден кеткен 29 мың адамның 20 мыңнан астамы орыс ұлты дейді. 2,5 мыңы - неміс, 2 мың - украин, 1 300-і қазақ екен. Қазақстанға көшіп келген 11 мың адамның 5 жарым мыңы ғана қазақ. Жалпы, елімізге азды-көпті 20-ға жуық ұлт өкілі көшіп келген.