Қазақстанның 43 компаниясы Жапонияға жылқы етін тасиды

0
501

Бұған дейін аталған тізілімде 34 қазақстандық кәсіпорын бар еді.


Қазақстанның 43 компаниясы Жапонияға жылқы етін тасиды

ERNUR.KZ. Қазақстаннан Жапонияға жылқы етін тасымалдайтын компаниялар қатары көбейген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны енгізілді», - деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін аталған тізілімде 34 қазақстандық кәсіпорын бар еді. Енді осы тоғыз компанияны қосқанда, олардың саны 43 компанияға жеткен.