Қазақстанның мемлекеттік қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

0
194

Министр 2028 жылдан бастап қарыз азаятынын айтты.


Қазақстанның мемлекеттік қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қарыз 29 трлн теңгеге жуықтап қалғанына қармастан, 2028 жылдан бастап азая бастайды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министр сөз басында мемлекеттің сыртқы қарызы қандай көлемде екені туралы мәлімет берді.



«Қазіргі уақытта мемлекеттің борышы 28,7 трлн теңгені құрайды. Оны жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,7 пайызға жетті. Бірақ бұл келесі бес жылдықта 25 пайыздан аспайды. Санап отырмыз. Оның пайдалану тиімділігі жақсы», - дейді министр.

БАҚ өкілдері тарапынан мемлекеттің сыртқы қарызы жыл санап көбейіп бара жатқанын, оның қашан азаятыны туралы сұрақ қойылды.

«2028 жылдан бастап азая бастайды», - деп сендірді Мәди Тәкиев.

Қазақстан қарызын төлей алмайтын уақытқа жетуі мүмкін бе?

«Жетпейміз оған. Оны мемлекеттік ұйымдар дәлелдеп жатыр. Біз де қарастырып отырмыз. Оған жету үшін қанша жыл керек екенін білмеймін», - деп қаржы министрі қысқа қайырды.