Қазақстанның оңтүстігінде жаңа газ құбыры салынады – энергетика министрлігі

0
2 063

Халықтың жартысынан азы табиғи газға қол жеткізеді.


Қазақстанның оңтүстігінде жаңа газ құбыры салынады – энергетика министрлігі

ERNUR.KZ. Жетісу облысында "Талдықорған – Үшарал" газ құбырының құрылысы басталады, деп хабарлады энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, деп жазады sputnik.kz.

"Талдықорған – Үшарал" газ құбырын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба 3 ауданды: Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын газбен қамтамасыз етеді", - деді министр өңір тұрғындарына есеп беру кездесуінде.

Сәтқалиевтің айтуынша, әкімдік жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап жатыр. Сонан кейін құжатты министрлікті қарайды.

"2024 жылға Текелі және Үштөбе қалаларын газдандыру бойынша екі жобаны аяқтауға 3,9 млрд теңге қарастырылған", - деп толықтырды энергетика министрлігінің басшысы.
Ведомство облыста 23 жаңа жобаны іске асыруға қосымша 1,9 млрд теңге бөлу мәселесін пысықтап жатыр.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Жетісу облысы 41,2% газдандырылған.