Қазақстанның өз Антальясы пайда болуы мүмкін

0
246

Ақтауда Самал-2 шағынауданы атауын өзгерту бойынша тыңдау өтеді.


Қазақстанның өз Антальясы пайда болуы мүмкін

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Ақтауда шағынаудандардың бірінің атауын өзгерту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар жарияланды, - деп жазады tengritravel.kz.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Ақтауда Самал-2 шағынауданы атауын өзгерту бойынша тыңдау өтеді.

Ресми деректерге сәйкес, 18 желтоқсанда сағат 18:00-де Ақтауда шағынауданның атауын өзгерту туралы қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады. Шағынауданға Анталья атауын беру ұсынылып отыр.

"Бұл шара Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту аясында өтіп жатыр. Түркия аумағында қазақ зиялыларының құрметіне Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Тәттімбет және басқа да танымал тұлғалардың есімдерімен аталған 57 даңғыл, саябақ пен ескерткіш бар", – деді Ақтау әкімдігі.

Қоғамдық тыңдаулар Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясы тарапынан ұйымдастырылып жатыр.

Қоғамдық тыңдау өтетін күні: 18 желтоқсан, сағат 18:00. Өтетін орны: Ақтау қаласы, 4-шағынаудан, Абай атындағы МДК, кіші зал.