Қазақстанның солтүстігіне қоныс аударғандар саны өсті

0
2 512

Биыл СҚО-ға басқа облыстардан 690 отбасы көшіп келген


Қазақстанның солтүстігіне қоныс аударғандар саны өсті

ERNUR.KZ. Биыл Солтүстік Қазақстанға Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 690 отбасы қоныс аударады. Солтүстік Қазақстан облысында көшіп-қону бағдарламасы бойынша бүтін бір аудан дәрігерлермен қамтылды, деп жазады 24.kz.

Аққайың аудандық ауруханасының бас дәрігері Асхат Өтебаев Түркістан облысына өзі барып, 6 маманды отбасыларымен бірге көшіріп әкелді. Жанар Алтынбекованың Шымкенттен көшіп келгеніне 2-ақ апта болды. Ақ халатты абзал жанға айтылғандай үй мен көтерме ақы берілді. Өзі мамандығы бойынша аудандық ауруханада дәрігер.

Жанар Алтынбекова, гинеколог дәрігер: - Балаларымды балабақшаға және мына мектепке, қазақ мектебіне орналастырды. Жұмыста жақсы, ойдағыдай. Жоқ, одан қашу қажет емес. Қайта көру керек. Жер ауыстырып тұрған да дұрыс. Кішкене ой-өрісің де өзгереді. Биыл Аққайың аудандық ауруханасына көшіп-қону бағдарламасымен 6 маман орналасты. Оларды шақырған бас дәрігер – Асхат Өтебаев. Оның өзі де кезінде Шымкенттен жас маман ретінде келген.

Асхат Өтебаев, Аққайың аудандық ауруханасының бас дәрігері: - Әсіресе, мынау «узкий специалист» деп жатамыз, мысалға дерматолог, акушер-гинеколог, реаниматолог, лор-врач, онколог. Сол дәрігерлер Оңстүстік Қазақстаннан келді. Қазіргі уақытта бізге өте қажет болып жатқан кардиолог дәрігері. Кардиолог дәрігер керек. Егер оған Оңтүстік Қазақстаннан, не болмаса оңтүстік өңірлерден келемін деген дәрігерлер болатын болса, біз оларды құшақ жая қарсы аламыз. Биыл Солтүстік Қазақстанға Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 690 отбасы қоныс аударады. Бұл былтырғыдан 4 есе көп. Дегенмен, жұмыс күші әлі де жетіспейді.

Алма Махметова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы: - Қазіргі кезде облыста 1 мыңға жуық бос орындар бар. Соның ішінде біріншіден, бюджеттік саласында мұғалімдер және дәрігерлер. Және тағы да ауыл шаруашылығында агрономдар, ветеринарлар, механизаторлар тапшылық.

«Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспары» бойынша оңтүстіктер үшін 3 мың тұрғын үй салынады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы: - Күңгейдегі отбасылар облыс орталығына да қоныс аудара алады. Мәселен, былтырдан бері Петропавлға 11 отбасы көшіп келген. Қалада дажұмыс жетеді. Әсіресе, мұғалім, дәрігер, жүргізушілер тапшы.