Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
фото: Ақорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.