Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ басқарма төрағасы болып 2022 жылғы ақпан айында тағайындалды.
Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол "ҰК АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп жазады zakon.kz.
Қызметтен кететінін Мейірхат Қасымбаев 30 қазанда мәлімдеді. Ол бүгінде республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ екенін атап өтті.
"Бүгін жеке шешіміме сәйкес "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ Басқарма Төрағасы қызметін аяқтадым. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестеріммен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған жолдарды қолға алып, жобаларды аяқтау үшін аянбай еңбек еттік. Үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ деп сеніммен айта аламын", – деп жазды ол.
Мейірхат Қасымбаевтың сөзінше, соңғы екі жыл ішінде 7 млн тонна асфальт төселді, яғни шамамен 2,5 мың шақырым жол жаңа асфальтпен қамтылған.
"Жасыратыны жоқ, автожол саласы мемлекет басшысының тарапынан да, тұрғындарымыздың тарапынан да бірнеше рет сынға ұшырады. Жолдың мәселесі бір күнде шешілмейді. Оң өзгеріске қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес былтырдан бері саланы реформалау үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Өз тарапымыздан шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, құзыретті органдарға бірқатар ұсыныс жолдадық", - деді Мейірхат Қасымбаев.
Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ басқарма төрағасы болып 2022 жылғы ақпан айында тағайындалды.