ҚазҰУ студенттері бірінші курстағыларды ұрып-соққан: 10 адам оқудан шығарылды

0
1 281

Оқудан шығарылғандардың көбі мемлекеттік грант бойынша оқыған.


ҚазҰУ студенттері бірінші курстағыларды ұрып-соққан: 10 адам оқудан шығарылды

ERNUR.KZ. Алматыда бірінші курста оқитындарды ұрып-соққаны үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің филология факультетінде оқитын екінші курс студенттері оқудан шығарылған, деп жазады тengrinews.kz.

ЖОО баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның жатақханада болғанын айтқан.

"Біз екінші курс студенттерін оқудан шығардық, олар жатақханада "тәрбие жұмыстарын" жүргізген. Олар бірінші курс студенттерін бөлмеге кіргізіп, ұрып соққан. Осы оқиға түнгі үш шамасында болған. Осындай дерек анықталды, видеосы да бар. Онда балалардың бөлмеден ақсаңдап шыққаны көрінеді. Келесі күні медициналық бақылау кезінде олардың дене жарақаттарын алғаны анықталды. Тәртіптік комиссия ұрып-соққан студенттерді оқудан шығару туралы шешім шығарды. Енді оқудан шығарылғандар БАҚ-қа жүгініп, осы оқиға туралы жазуын сұрап жатыр", - деді ЖОО өкілдері.


Білім беру мекемесінің өкілдері оқудан шығарылғандардың көбі мемлекеттік грант бойынша оқыған екен, сол себепті олар "қоғамның назар аударуын" талап етіп жатыр екен. Айта кетейік, 10 ақпанда бірнеше адам ҚазҰУ алдында жиналып, наразылық білдірген.

"Оқудан шығарылған студенттермен бірге оқитындар келген, "біз қарсымыз, біз қарсымыз", - деп айғайлап жатыр. Олар мән-жайды білмейді де. Бізде осы жанжалға қатысы бар студенттердің жауабы бар. Кейбір оқудан шығарылған студенттердің өзі мойындады", - деді ҚазҰУ өкілі.

Зардап шеккен студенттер полицияға арыз жазбаған.