​"Кедентрансервис" АҚ вице-президенті қамауға алынды

0
1 202

"Кедентрансервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқанов қамауға алынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​

"Кедентрансервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқанов қамауға алынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешімнің қабылданғанын растады.

"Астананың Есіл аудандық № 2 сотының шешімімен 2018 жылдың 8 маусымында Мұқанов Ғалым Қасқырбайұлы мен Уваев Дулат Серікұлын екі айға, яғни, 2018 жылдың 6 тамызына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

"Кедентрансервис" АҚ сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Ғалым Мұқанов 2011 жылдың маусым айынан 2013 жылдың қазан айына дейін "Кедентранссервис" АҚ Сатып алуларды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамту басқармасының бастығы, Сатып алуларды ұйымдастыру және шарттар мониторингісі басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Ал 2013 жылдан бастап "Кедентранссервис" АҚ сатып алулар жөніндегі атқарушы директоры қызметінде болды, ал 2014 жылдың 28 мамырында "Кедентранссервис" АҚ Сатып алулар жөніндегі Атқарушы директор қызметіне тағайындалды.

2016 жылдың 6 мамырынан бастап "Кедентранссервис" АҚ Өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенттің міндеттерін атқарушысы болып тағайындалған болатын.