Мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова бұл олқылықтарды жою үшін «BILIMDI ULT» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр, деді.
Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе қалаларындағы мектептердің білім деңгейі, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы ауыл мектептеріне қарағанда төмен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Бұл оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның нәтижесі. «Nur Otan» партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте осы мәселе талқыланды.
Мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова бұл олқылықтарды жою үшін «BILIMDI ULT» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр, деді.
"Жалпы, ауыл және қала мектептерінің арасындағы білім теңсіздігі мен білім мәселелеріне байланысты алшақтықты мейлінше азайту мәселесін қойдық", - дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.
Аталған ұсыныстарымыздың барлығын Білім және ғылым министрлігі ескеретіндігін атап өтті. Бұдан бөлек, біздің сайлауалды бағдарламамыздың басым көп тармақтарының енгізілгендігі туралы есеп берді. Ұлттық жобаға сайлау бағдарламасының 11 тармағы енгізілген. Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету деңгейін 95%-ға жеткізу қарастырылған.
Сонымен бірге, мектептердің құрылысы "Nur Otan" партиясы мен Үкіметтің ерекше бақылауында. Соңғы 5 жылда республика бойынша 500 -ге жуық білім беру мекемелері салынды. 2025 жылға дейін оның санын 800-ге арттыру жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, кездесу барысында кемінде 500 қазақстандық ғалымды, шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу мәселесін де талқылады.