Марқұмның жаназасы 2021 жылғы 1 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алмалы ауылында өтеді.
ERNUR.KZ. Оған себеп – металл бағасының өсуі. Ресейлік «Коммерсант» басылымы металпрокат құнының күрт артып, машина жасаушылардың шағымданып жатқанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Трактор мен комбайн өндірушілер үшін баға өсімі 35–50%-ды құраған. Автокөлік құрастыратындар кәсіпорындарды да осындай жағдай күтіп тұр.
Ақырғы өнім қымбаттап кетпес үшін машина жасаушылар билікке жүгініп, металл жабдықтардың шығынын азайтуға мүмкіндік беретін ішкі тұтынушыларға арналған құбылмалы экспорт салығын енгізуді сұрамақ. Шикізат бүкіл әлемде қымбаттап жатыр.
Мысалы, желтоқсанда Қытайдағы CFR темір кенін өндіретін базисте өнім бағасы 70 %-ға, ал Түркияда 73 %-ға өскен. Егер билік дұрыс шешім қабылдамаса, өнеркәсіп компаниялары табыстан қағылмас үшін өнім бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бұл жағдайда автокөлік екі есе қымбаттайды деп айту қиын, дегенмен көлік құны 10-15 % өсуі мүмкін.