"Келетіні анық": Бекшин омикрон елімізге қашан жетеді деген сұраққа жауап берді

0
800

Ол бұл вирустың Қазақстанға қашан келуі мүмкін деген сұраққа да жауап берді.


ERNUR.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон штамы Қазақстанға келуі уақыттың еншісінде екенін айтты, деп жазады exk.kz.

"Шынымен де, бұл респираторлық вирустық инфекция. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері оның таралу жылдамдығы жоғары екенін жазып жатыр. Соңғы үш аптада 57 елге жетіп үлгерді", - дейді Жандарбек Бекшин.

Ол бұл вирустың Қазақстанға қашан келуі мүмкін деген сұраққа да жауап берді.

"Бұл енді уақыттың еншісінде. Бірақ Қазақстанға келетіні анық. Өйткені вирус өте кішкентай. Оған қарсы тұру қиын. Сондықтан ПТР-тест тапсыруға тырысамыз",- деді қаланың бас санитары.

Ол омикрон штаммы табылған Еуропа, Африка құрлығынан елге келіп жатқан отандастарымызды 7 күнге карантинге жатқызу қажеттігін айтты.