"Келгенде бірден анализ тапсырдық": Індет жұқтырған алматылық тұрғын сұхбат берді

0
691

​Жөтелу, мұрын бітелу, дене қызуының көтерілуі және тыныс алу жолдарының қабынуы – бұл коронавирустың алғашқы белгілері.


Қауіпті індетті жұқтырған науқас Almaty.tv арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Стамбулдан ұшып келген алматылық тұрғынның қазіргі жағдайы бірқалыпты. Қажетті ем-дом шаралын қабылдап жатыр.


Владимир Мурзин 15 наурызда Стамбулдан Алматыға ұшып келген. 29 жастағы жігіт бұған дейін өмірінде мүлде ауруханаға жатпағанын айтады. Бүгін ем қабылдап жатқан 12-күні. Бөлме күніне 3 мәрте тазаланады, тоңазытқыш, теледидар бәрі бар. Ауруханада науқастар үшін барлық жағдай жасалған. Алматылық тұрғын тест-сынамасын үшінші рет тапсырған кезде ғана қауіпті індет анықталыпты.


«Стамбулдан келгенде бірден анализ тапсырдық. Нәтижесінде коронавирус белгілері болмады. Араға 8 күн салып тағы да қан тапсырдық. Дәрігерлердің айтуынша, екінші анализдің қорытындысы бойынша күдік белгілері байқалған. Абыржып, уайымдап кеттім. Содан соң жұқпалы аурулар ауруханасына апарды. Ол жерде үшінші анализді өткіздік. Нәтижесі расталды. Біз үшін дәрігерлер күні-түні аянбай қызмет етіп жүр. Оларға алғысымды білдіргім келеді. Өз денсаулығыңызды сақтаңыздар!», – деді қала тұрғыны Владимир МУРЗИН.