Отандық KazHackMe деп аталатын белгісіз хакерлер тобығ бірнеше жоғары оқу орнының сайттарын бұзғаны жөнінде өздерінің блогтарында жариялаған.
ERNUR.KZ Хакерлер қазақстандық университеттердің сайтына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығына сілтеме жасап.
Өздерін KazHackMe деп атайтын белгісіз хакерлер тобы АЭжБУ, ҚарМУ және Қазақстан инженерлік-техникалық университетінің сайттарын бұзған. Олар өздерінің барлық "жетістігін" блогтарында жариялайды. "Өз тарапымыздан жастарды осы құқық бұзушылық үшін берілетін қылмыстық жауапкершілік туралы сақтандырғымыз келеді және күштеріңізді жасампаз арнаға бағыттауға шақырамыз", - делінген ұйым хабарламасында.
ЦАРКА мамандары хакерлердің біліктілігін бағалап, оларға жұмыс ұсынды. Еске салсақ, 2018 жылдың қазанында Kundelik қазақстандық мектептерінің электронды күнделігі мен журналдарының ақпараттық жүйесі хакерлік шабуылға ұшыраған еді.