Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар шілде айында меншік иелеріне жіберілді.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті 1 қазанда 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелері меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады, деп жазады ҚазАқпарат.
Жеке тұлғалардың мүлiк салығының сомасы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жыл сайын салық салу мақсатында айқындайтын объектiлерiнiң құнына байланысты есептеледi.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
Салықты есептеу кезінде жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық ставкасы қолданылады.
1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл – жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi.
Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсіммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi.
Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар шілде айында меншік иелеріне жіберілді.
Сонымен қатар, салық органдарымен есептелген салық сомасы туралы хабарламалар электронды тәсілмен салық төлеушінің кабинетіне, Egov порталына, қағаз түрінде – тапсырыс хатпен пошта арқылы, сондай-ақ ЕРЦ, АЛСЕКО және т.б. коммуналдық қызметтердің түбіртек-хабарламаларымен жолданады.
Ал, екінші деңгейдегі банктерден push-хабарламалар түскен жағдайда, мүлік салығының алдағы сомаларын, МКК есептелген салық сомаларының дұрыстығын «e-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Электронды сервистер» → «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, «Kaspi.kz» мобильді қосымшасында «Төлемдер» → «Айыппұл, салық» → «Салық» → «Мүлік және көлік салығы» сілтемелері арқылы тексеруге болады.