Күдікті Алматы қаласынан ұсталды.
фото old.tv7.kz
Алматы облысында 20 жастағы қыз таныс жігіттің «Мерседес» маркалы көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, апатқа ұшырады. Ал көліктің ұрланғандығы жөнінде шағымды полицейлерге Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылының жергілікті тұрғыны түсірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.
7 мамырда түскен арыздан кейін жас қыз күдікке ілінген. Көлігі ұрланған жігіт бойжеткенмен жақында танысқан болып шықты. Тәртіп сақшылар көп ұзамай жоғалған көліктің жол-көлік оқиғасына ұшырағанын анықтады.
«Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде күдікті Алматы қаласынан ұсталды. Ол сол қалада жасырынып жатқан. Көлік ұрлығынына байланысты сот алды тергеу жұмыстары басталды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыстың полицейлері жоғалған 70-тен аса көлікті иесіне қайтарған.