Әйелінің айтуынша, 20 маусымда ер адам үйден шыққан, содан бері оның қайда екені белгісіз.
ERNUR.KZ. Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин хабар-ошарсыз жоғалып кеткен, деп жазады Stan.kz.
23 маусымда қалалық полиция бөліміне өтініш түскен. Әйелінің айтуынша, 20 маусымда ер адам үйден шыққан, содан бері оның қайда екені белгісіз.
Өтініш келіп түскеннен кейін бірден полиция департаменті ауқымды іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, Зеренді ауданы БББ, Көкшетау ҚБ, Департамент аппаратының жеке құрамы, әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылды.
Ақмола облыстық ПД қазіргі уақытта Дүйсембиннің бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін атап өтті.
Полиция қызметкерлері жоғалған адамды көрген немесе қайда екені туралы ақпараты бар кез келген адамнан құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.