​Көпірде болған жол апатынан 3 адам мерт болды

0
2 175

Полиция да жол апаты болғанын растады.


​Көпірде болған жол апатынан 3 адам мерт болды

ERNUR.KZ. 25 қаңтар күні Әлиев көшесінің бойындағы көпірде жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады ktk.kz.

«25 қаңтар күні түнде Әлиев көшесі бойында орналасқан көпірде жол апаты болды. Қаза болғандар бар. Жол апатынан зардап шеккен басқа адамдар әртүрлі жарақат бойынша облыстық ауруханаға жатқызылды», – дейді куәгерлер.

Полиция да жол апаты болғанын растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Автокөлік құралдарын пайдаланатын адамдардың жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы немесе көлік құралдарының жұмысын бұзу» бойынша алдын ала тергеу басталды. Қалған ақпарат жарияланбады», – деп хабарлады полиция бөлімінің баспасөз қызметі.