​Қордайдағы қарақшылық: облыстық ІІД тұрғындарды сабырға шақырды

0
2 425

Жамбыл облысы ІІД бастығы Арман Оразалиев Қордай ауылының тұрғындарымен кездесті.


​Қордайдағы қарақшылық: облыстық ІІД тұрғындарды сабырға шақырды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы ІІД бастығы Арман Оразалиев Қордай ауылының тұрғындарымен кездесті, деп жазады Вaq.kz.

Кездесуде облыс прокуроры Н. Иманов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б. Құрманғали, Қордай ауданының әкімі Б. Байтөле, аудандық ІІБ және прокуратура басшылары, ақсақалдар және қоғамдық кеңес өкілдері болды.

Арман Оразалиевтің айтуынша, Қордайдағы қарақшыларды табуға облыстық ІІД тәжірибелі қызметкерлері жіберілген. Олар жергілікті полицейлермен бірлесіп, күндізгі және кешкі күзетті де атқаруда.

Аудан әкімі Б.Байтөле жергілікті полиция қызметін материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінгенін жеткізді. Ол ақшаға 18 видеофиксатор, 35 планшет, 19 компьютер және 35 термопринтер алынып, учаскелік инспекторлардың 19 қоғамдық көмекшісін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Облыстық ІІД бастығы тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Оның айтуынша, жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Қылмыскерлер міндетті түрде ұсталады және тиісті жазасын алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде Жамбыл облысының Қордай ауылында белгісіз біреулер үйлерге шабуыл жасап, иелерін жарақаттағаны туралы мәлімет тарап жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, Қордайда қарақшылар соққыға жыққан зейнеткер қайтыс болды.