Кореядағы қазақстандық жұмыскерлердің жалақысы 200 мыңнан басталады.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Корей елінен Қазақстанға 5 ай ішінде жеке тұлғалардан аударылған ақша сомасы 26,5 млрд теңге немесе айына орта есеппен 5 млрд теңгені құрайды. Қазір Қореяда 9996 қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жүр, деп жазады Stan.kz.
"Бес айдағы ақша аударымдары бойынша, Ресей көш бастап тұр (ҚР барлық аударымының 40%)", екінші орында Оңтүстік Корея (17%), бұл ақша есептеу бойынша, 26,5 млрд теңге", - деді Ұлттық банктің жетекші маманы Төлеген Тынышбаев.
Кореядағы қазақстандық мигранттың сөзінше, ол зауытты жұмыс істейді. Ай сайын отанына 500 мың теңге аударатын көрінеді.
"Жасыл дәліз" жүйесі шыққаннан бері қазақстандық жұмыскерлердің саны 1000 адамға азайған.
Еңбек көші-қоны саласында тұтастай бизнес-индустрия қалыптасқан. Кедендік нұсқаулар жүргізіп, мінсіз туристің бейнесіне және келбетін құруға көмектесетін делдал компаниялар пайда болды.
Кореядағы қазақстандық жұмыскерлердің жалақысы 200 мыңнан басталады. Мұндай компанияның жұмысы заңмен бекітілмеген. Сондықтан олар екі елдің де заңнамасын бұзбайды.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Арман Садановтың айтуынша, зардап шеккен қазақстандықтардың өтініші болмаса, олар тексеріс жүргізе алмайды.
Соңғы кезде компания делдалдары G-1 визасын жиі жасататын болған. Бұл өтініш берушінің Корея аумағында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.