"Коронавирус сырттан емес, ел ішінде таралып жатыр": Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға үндеу жасады

0
768

Статистика бойынша, бір адам он адамға ауру жұқтырған


ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа шалдыққандар тек шетелден келген азаматтар деген ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, 369 инфекцияға шалдыққандардың 91-і ғана сырттан келгендер, деп жазады Stan.kz.

"Қалғандарының барлығы олармен қарым-қатынасқа түскендер. Бұл дегеніміз ел ішінде ауру таралып жатыр деген сөз. Біз жасаған статистика бойынша, бір адам он адамға ауру жұқтырған. Сол себепті карантин ережелерін міндетті түрде сақтау керек. Құрметті қазақстандықтар, біздің денсаулығымыз өз қолымызда, сол себепті үйден шықпаңыздар. Коронавирустың алғашқы белгілерін байқасаңыз, үйден шықпай, дәрігерлерге хабарласаңыз. Тек азық-түлік немесе дәрі сатып алуға ғана далаға шығыңыздар.Көшеде жүргенде қойылған карантин талаптарды сақтаңыздар. Өздеріңіздің және басқалардың басын қатерге тікпеңіздер. Карантин сақтау - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Осы талаптарды сақтай отырып, біз елдегі ахуалды өткере аламыз", - деді Есмағамбетова.