Коронавирус жұқтырған науқастардың несиелері кешіріле ме - вице-министр жауап берді

0
761

Жеке тәртіп бойынша ұсыныс жасау керек.


Коронавирус жұқтырған науқастардың несиелері кешіріле ме - вице-министр жауап берді

ERNUR.KZ. ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев онлайн брифинг барысында коронавирус індетін жұқтырып, ауруханада немесе үй жағдайында емделіп жатқан науқастар несиелерін қалай төлейтіні туралы айтты, деп жазады Stan.kz.

Мемлекеттік комиссия 15 маусымда арнайы шешім қабылдағаны белгілі боды. Мәди Такиевтің сөзінше, несиені 90 күнге кейінге қалдыру үшін банктерге жүгініп, жеке тәртіп бойынша ұсыныс жасау керек.


"Біздің мемлекеттік комиссия маусымда бизнесті қолдау жоспарын қабылдады. Оның ішінде бизнес несиелері бойынша кейінге қалдыру тәртібі болды. Арнайы тәртіпті қаржы нарығын реттеу агенттігі 15 маусымда қабылдады. Қарыздар 90 күннен кем емес кезеңге қайта құрылымдау және кейінге қалдыру үшін банктер мен микрокредиттік ұйымдарға жеке тәртіппен жүгінуге болады", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.