Коронавирустан айыққан Амандық Баталов жағдайын айтты

0
555

Алматы облысының әкімінің коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын.


Коронавирустан айыққан Амандық Баталов жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Коронавирустан айыққан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жағдайын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


"Ауыр ауруды жеңу және аурудың салдарын жеңу оңай болған жоқ. Бірінші кезекте біздің тұрғындарымыздың ізгі тілектері, дәрігерлердің күш-жігері маған күш берді. Мені қолдағандарға рақмет, барлық дәрігерге қамқорлық пен кәсіпқойлық көрсеткені үшін алғыс айтамын. Ауруханадан шыққаннан кейін мен бірден өз міндеттерімді орындауға кірістм. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін! Ауырмаңыздар, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын. Кейінірек оның Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатқаны айтылған еді.