Коронавирустан қазақстандық туризм зардап шекпейді

0
702

Ең бастысы, елдің негізгі одақтасы – Ресеймен шекарамыз жабылмауы керек.


Коронавирустан қазақстандық туризм зардап шекпейді

ERNUR.KZ. Азаматтар арасында әлемнің ірі қалаларына бару көрсеткіші азайғаны рас. Бірақ мұны өз пайдамызға қолдана білуіміз қажет. Осыған байланысты мамыр мен шілде айлары аралығында Бурабай, Алакөл, Каспий жағалауы мен елдің оңтүстігіне әуе бағыттарының саны артуы мүмкін. «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы өкілдерінің болжамы осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Қазақстанның аумағы кең. 13 ұлттық саябағымыз бар. Ішкі туризм мәселесін қолға алардай, тиімді тетіктеріміз көп. Тек соны ұтымды қолдана білсек. Мәселен, былтыр Ұлытауда өткен халықаралық форумда отандық туризмді көшпенділер мәдениетіне негіздеу туралы ұсыныс айтылды. Қонақжай халық деген атымызға іс жүзінде лайықты болуымыз керек. Осы мақсатта туристердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Эко және этнотуризм бағытында бизнесті ынталандыру қалып тұр, - дейді «Қазақтуризм» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.